Ақмола облысы Ольгинка ауылының аумағында сібір жарасына байланысты карантин жарияланды. Қауіпті вирус үй жануарларынан табылды.
Осыған байланысты еліміздің астанасынан 80 шақырым жерде орналасқан кент аумағында карантин жариялау туралы шешім қабылданды.
Ауыл әкімдігінің ақпараты бойынша, қазір вирустың таралуына жол бермеу үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда. Ауылдан азық-түліктерді шығаруға тыйым салынды,вирус табылған жануарлардың өлекселері барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жойылады.
Сондай-ақ кент аумағында полиция бекеттері қойылды, ауылдар бақылауға алынды, ал үй жануарларының жағдайы мамандардың қадағалауында.