Нұр-Сұлтанда “Невада-Семей” антиядролық қозғалысының 30 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті.
Конференцияға Қазақстаннан,10 алыс және жақын шетелдерден ғалымдар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Конференция барысында ядролық қатерді қысқартуға қатысты мәселелер қарастырылды. Еліміздің қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов барлық қатысушыларға “Невада – Семей” антиядролық қозғалысының үлгісі бойынша әлемдік альянс құрылғанын айтты.
Сондай-ақ, халықаралық іс-шара барысында қазақстандық қоғам қайраткері ядролық қаруға қарсы қозғалыс бүкіл адамзаттың басты миссияларының бірі екенін мәлімдеді.
“Адамзат барлық уақытта “шыңырау үстінде пышақ жүзімен” жүріп келеді. Қазір антиядролық қозғалыстарға не істеу керек? 1991 жылы орындалмаған бағдарламаны жалғастыру керек”, – деді Сүлейменов.
Сурет: 24.kz