Бұған дейін Сирия мәселелері жөніндегі халықаралық конференцияға қатысқанын мәлімдеген барлық делегациялар Нұр-сұлтанға келді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.
“Сирия бойынша жоғары деңгейдегі халықаралық кездесудің кезекті XIII кезеңіне қатысатын барлық делегациялар Нұр-сұлтанға келіп, өз келіссөздерін бастады”, – деді Смадияров бейсенбі күні.
Ол сондай-ақ жақын арада келіссөздердің егжей-тегжейі белгілі болады деп хабарлады.
Естеріңізге сала кетейік, Сирия мәселелері жөніндегі халықаралық конференцияға Ресей, Түркия, Иран делегациялары, сондай-ақ Сириядағы билік пен оппозиция өкілдері қатысады.
Бақылаушылар ретінде алғаш рет Ирак және Ливан өкілдері қатысады. Сондай-ақ іс-шараға Қызыл Крест пен БҰҰ Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы Комиссары басқармасының өкілдері қатысады.