Елордалық полиция департаментінің қызметкерлері есірткі заттарын шығаратын зертхананы анықтады. Бұл туралы Қазақстанның құқық қорғау ведомствосының баспасөз қызметі хабарлады.
Алдын ала мәліметтер бойынша, Нұр-Сұлтанда есірткі өндірумен Екібастұз қаласының тұрғыны айналысты. Зертхананы тінту кезінде тыйым салынған заттарды дайындау үшін пайдаланылатын химиялық заттар, сондай-ақ ол үшін қажетті жабдықтар табылды.
Зертхананың өзінде есірткі өндіру кезінде химиялық заттарды араластыру салдарынан пайда болған улы газ болды. Осыған байланысты оны жоюды полиция қызметкерлері арнайы қорғау киімдерімен жүзеге асырды.
Осы зертхананың иесі болып табылатын есірткі дилері, есірткіні интернет-сайттар арқылы таратқанын айтты. Бүгінгі күні ол қамауда.
Осы ер адамға қатысты есірткі заттарын өндіру және сату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сондай-ақ, полицейлер оның сыбайластарын анықтау бойынша іс-шаралар өткізуде. Сот есірткі дилеріне қатысты түпкілікті шешімді, оның кінәлілік дәрежесін анықтап шығарады.