Елордада “Nur Otan “партиясының кезектен тыс XX съезі Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өтуде, деп Twitter-де Елбасы баспасөз хатшысы Айдос Үкібай жазды.
Съезд барысында Парламент Мәжілісінің сайлауына партиялық тізімді, партияның сайлауалды бағдарламасын және басқа да бірқатар іс-шараларды бекіту жоспарлануда.
Партиялық тізімге партияның Саяси Бюросы мен Саяси кеңесінің өткен отырыстарының қорытындысы бойынша съезге шығарылатын 126 кандидат кіреді.
Естеріңізге сала кетейік, 24 қарашада Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Nur Otan Саяси кеңесінің Бюросы өтті. Отырыс барысында Елбасы өткен бес жыл ішінде партия өзінің сайлауалды уәделерінің көпшілігін іске асырғанын атап өтті.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті өткен жылы партияны “қайта жүктеу” бойынша ауқымды жүйелі жұмыс жүргізілгенін атап өтті.
Сурет: liter.kz