Нұр-Сұлтан қаласында “Ақылды қалалар, ақылды дестинациялар” атты қалалық туризм бойынша ЮНВТО-ның сегізінші жаһандық саммиті басталды. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Астана әкімдігінің ақпараты бойынша, жаһандық саммит аясында кездесу индустриясы бойынша ЮНВТО-ICCA семинары өтіп жатыр, оған 40 шетелдік және 60 жергілікті делегат қатысуда. Бұл іс-шараға қатысушылар ICCA сарапшылары өткізетін тегін оқуға қол жеткізуге мүмкіндік алады.
Семинарды ұйымдастырушылар,бұл іс-шара индустрия сарапшылары мен Қазақстанның мемлекеттік өкілдері үшін ұйымдастырылғанын хабарлады.
Қалалық туризм бойынша жаһандық саммит аясында медициналық туризм бойынша семинар өтеді, оған 200 адам қатысады.
Елорда әкімдігінің өкілдері ЮНВТО сегізінші жаһандық саммитінің ресми ашылу рәсімі 10 қазанда өтетінін хабарлады. Іс-шараға Қазақстан Үкіметі мен Астана әкімдігінің басшылығы қатысады.