Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскерлердің жауынгерлік әзірлігіне қорытынды тексеру басталды. Қазақстанның барлық аумағында 100 пайыздық жұмылдыру жарияланды. Бұл туралы Almaty.tv жаңалықтар ресурсы хабарлайды.
Әскери жаттығулар екі апта ішінде өтеді. Осы кезеңде әрбір әскери қызметкерге сынақтар сияқты әртүрлі нормативтердің қорытындылары бойынша оның кәсібилігіне дербес баға беріледі.
Сондай-ақ, оқу-жаттығу шеңберінде арнайы операцияларға тартылған әскер бөлімшелерінің жауынгерлік қабілеттілігі мен келісімділігі бағаланатын болады. Осындай оқу-жаттығулардың бірі Алматы облысы Тілендиев елді мекенінде өтуде.
Оларға әскери десанттық-шабуылдау әскерлері, Әскери-әуе күштері, әскери полиция, әскери медициналық мекемелер, сондай-ақ бітімгершілік даярлау және минасыздандыру орталықтары қатысады.
Бұл кешенді бітімгершілік оқу-жаттығулары осы жылдың 8 қазанына дейін өтеді.
Ағымдағы жылдың басынан бастап Қазақстан Республикасының аумағында екі жүзден астам оқу-жаттығу, сондай-ақ жиырма мыңнан астам атыс өткізілді. Олардың ішінде еліміздің батысында, атап айтқанда Жамбыл және Алматы облыстарында өткен терроризмге қарсы және ірі жедел-тактикалық оқу – жаттығуларды ерекше атап өтуге болады.
Сурет: almaty.tv