Біздің мемлекетіміздің сыртқы саяси ведомствосы Әзірбайжан мен Армения шекарасында қарулы қақтығыс туралы мәлімдеме жасады. Бұл туралы zakon.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Хабарламада айтылғандай, Қазақстан екі мемлекеттің шекарасында болған оқиғаға қатты алаңдаушылық танытып отыр.
“Бізге достас Әзірбайжан Республикасы мен Армения Республикасын даулы мәселелерді шешу үшін ұстамдылық танытуға және күш құралдарын пайдаланудан бас тартуға шақырамыз”, – делінген ведомствоның ресми хабарламасында.
Сыртқы істер министрлігінде коронавирустық инфекция пандемиясы аясында қақтығыстың одан әрі күшеюі теріс салдарға әкеп соқтыратынын атап өтті.
“Бірінші кезекте екіжақты форматта бейбітшілік пен келісімге тез арада қол жеткізуге үміт артамыз. БҰҰ, ЕҚЫҰ, ТМД, АӨСШК алаңдарын қоса алғанда, халықаралық ұйымдар шеңберінде қақтығысты шешудің бейбіт жолдарын іздеуге барынша жәрдемдесуге дайын”, – делінген ведомство хабарламасында.
Ағымдағы жылдың 12 шілдесінде Әзірбайжан мен Армения шекарасында атыс болды.