Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының өкілі Айбек Смадияров Қазақстан 30 күнтізбелік күнге дейін елге визасыз кіре алатын елдердің тізімін кеңейткенін айтты.
«Қазақстанның саяси, экономикалық және инвестициялық мақсаттылығына, сондай-ақ басқа да мүдделеріне қарай бұл тізім кеңейтілді. Бүгінгі күннен бастап Қазақстанға визасыз кіру тәртібі бар елдердің тізімін кеңейту туралы Үкімет қаулысы күшіне енеді», — деді Айбек Смадияров.
Енді біздің елімізге Бахрейн, Ватикан, Вьетнам, Индонезия, Катар, Колумбия, Кувейт, Лихтенштейн, Оман, Сауд Арабиясы, Таиланд және Филиппин азаматтары 30 күнтізбелік күнге дейін келе алады.