Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаров Қазақстан,негізінен, ресейлік әскери техниканы сатып алатындығын айтты.
«Біз өткен жылы 340-тан астам жаңа қару-жарақ техникасын сатып алдық. Әрине, негізгі қару – жарақты біздің стратегиялық әріптесіміз – Ресейден сатып аламыз», — деді Талғат Мұхтаров.
Қорғаныс министрінің орынбасарының айтуынша, Қазақстанда өз қорғаныс өнеркәсібі бар. Мысалы, заманауи радиолокациялық кешендер мен станциялар, «Арлан» броньмашиналары отандық зауыттарда өндіріледі.
Қазақстан шетелдік қару-жарақты қандай сомаға сатып алатыны туралы Талғат Мұхаторов өз ведомствосының «ерекшелігіне» сүйеніп айтқан жоқ.
Сулет: abctv.kz




