Қазақстанға 70 миллион теңгеге жуық сканерлеуші жабдықтарын заңсыз алып өтпек болған. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
“Алтынкөл” кеден бекетінің “Қалжат” өткізу пунктінде ҚР ҚМ МКК ахуалдық орталығының қызметкерлері қашықтықтан мониторинг жүргізу аясында инспекциялық-тексеру кешенінің түсірілімдерін талдау және жүргізілген кедендік тексеру қорытындысы бойынша декларацияланбаған тауарларды, оның ішінде Berg 6040 маркасын тексеру үшін үш рентген жабдықтарын анықтады. Декларацияланбаған тауарлардың жалпы кедендік құны 179,7 мың долларды немесе 69,7 миллион теңгені құрады, төленуге тиісті кедендік төлемдер мен салықтардың жалпы сомасы 15,2 миллион теңгені құрады”, – делінген хабарламада.
Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті іс бойынша барлық материалдарды экономикалық тергеу департаментіне іс жүргізу шешімін қабылдау үшін тапсыру жұмысын бастады.
Сурет: kaztag.info