Біздің республикамызға Ресейден екі тікұшақ жиынтықтары жеткізілді, кейін олардан Ми-8АМТ тікұшақтары жиналады. Оларға тапсырыс берген Ұлттық ұлан және Төтенше жағдайлар министрлігі, деп хабарлайды kursiv.kz ақпарат ресурсы.
Қазақстанға жиынтықтарды “Ресей тікұшақтары” холдингіне тиесілі Ұлан-Удэ авиациялық зауыты жеткізді, ал ол өз кезегінде “Ростех”мемлекеттік корпорациясының құрылымына кіреді.
“Ресей тікұшақтары” холдингі, тікұшақтарды жинау процесі Алматыда тиісті лицензиясы бар №405 авиажөндеу зауытында жүргізілетінін айтты.
Өз кезегінде Ұлан-Удэ авиациялық зауытының басшысы Леонид Белых Қазақстан аумағында ресейлік тікұшақтарды құрастыру республиканың тікұшақ жасау саласын дамытуға және жергілікті кәсіпорындардың ғылыми-техникалық әлеуетін арттыруға ықпал ететініне сенім білдірді.
Ми-8АМТ тікұшақтарын жүктерді, жолаушыларды тасымалдауға, өрт сөндіруге, құқық қорғау міндеттерін орындауға және ормандарды қорғауға қолдануға болады.
Қазақстанда барлығы 17 ресейлік Ми-8АМТ тікұшағын жинау жоспарланып отыр. Бұған республикалық бюджет 180 миллиард теңге жұмсайды.
Сурет: ria.ru