5 мың таза тұқымды ірі қара мал (ІҚМ) Қазақстанға Ресейден әкелінеді.
Аграрлық несие корпорациясы «Мираторгпен»келісім жасады. Брянск ет фирмасымен бірге қазақстандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін абердин-ангус тұқымды 5 мың бас ірі қара малды жеткізу туралы келісімге «Аграрлық несие корпорациясы» басқармасының төрағасы Нармұхан Сарыбаев Мәскеуге сапары кезінде қол қойды.
Тараптар ветеринариялық-карантиндік және эпизоотиялық-профилактикалық іс-шараларды ескере отырып, ірі қара малды жеткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізді.
Сондай-ақ «AiZet Farms» ет комбинатымен 2019 жылдың көктемінде 1 мың бас асыл тұқымды мал жеткізуге келісім-шартқа және «Жайма» Аграрлық несие корпорациясының қарыз алушылары үшін осы жазда 5 мың бас ірі қара малға жеткізу жөніндегі оператормен келісім-шартқа қол қою жоспарланып отыр.
Сурет: kaztag.info




