Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров 3 желтоқсанда Канада генерал-губернаторы Жюли Пайетттің Қазақстанға сапары туралы хабарлады.
Канада генерал-губернаторы “Байқоңыр” ғарыш айлағынан канадалық ғарышкер Давид Сен-Жактың Халықаралық ғарыш станциясына ұшуына қатысады.
Сапар үш күнге созылады. Канада мемлекетінің ресми басшысы болып табылатын Британдық Корольдіктің канадалық өкілінің елімізге келуі Қазақстан тарихында бірінші рет.
Смадияров: “Оның Астанаға сапары барысында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақстан-канада ынтымақтастығын жан-жақты дамытуға жаңа серпін беретін ел басшылығымен келіссөздер күтілуде”, – деп мәлімдеді.
Сурет: wikimedia.org