SCAT әуе компаниясы 2019 жылдың маусым айынан бастап Boeing-737 әуе кемесімен тұрақты түрде Қазақстан мен Чехия арасында аптасына екі рет ұшатын рейсті бастауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ustinska.kz.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті SCAT авиакомпаниясына Нұр-Сұлтан–Прага–Нұр-Сұлтан бағыты бойынша халықаралық авиамаршрутқа куәлік берді.
SCAT – Қазақстанның ірі авиатасымалдаушыларының бірі. Бүгінгі таңда әуе компаниясының әуе кемелері паркі АҚШ пен Канада шығарған 21 ұшақтан тұрады: Bombardier CRJ-200, Boeing 737-300/500/700-NG, Boeing 757-200 және Boeing 767-300, Boeing-737 MAX 8.
Сурет: polet.me