Бүгін, 25 сәуірде, «Ауыл» партиясының кезектен тыс съезі өтіп жатыр. Съездің мақсаты – Қазақстан Республикасының алдағы президенттік сайлауына қатысуға үміткерді ұсыну.
«Ауыл» партиясының төрағасы Әли Бектаевтың айтуынша, бірнеше кандидат талқыланды. Партияның саяси кеңесі Төлеутай Рахымбековтың кандидатурасын ұсынды.
Төлеутай Рахымбеков 54 жаста, экономика ғылымдарының докторы. Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары,инженер, бірнеше департаменттердің директоры, ауыл шаруашылық вице-министрі қызметтерін атқарды.
Сайлауға қатысуға бірінші болып «Ұлы дара қырандар» РҚБ-ның Садыбек Тұгель тағайындалды. 24 сәуірде «Ақ жол» партиясы өзінің үміткерлерін ұсынды. Ол Дания Еспаева. 23 сәуірде «Нұр Отан» партиясының XIX съезінде Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынылды. Тоқаев пен Түгел құжаттарын тапсырды және қазақ тілі емтиханынан өтті.
Мемлекет басшысының кезектен тыс сайлауы 9 маусымда өтеді.
Сурет: informburo.kz