Атырауда полицейлер азаматтардың құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылын жақсарту мақсатында стационарлық пункт ашты, деп ХАА “ҚазАқпарат” хабарлайды.
Атырау қаласының прокуроры Аршат Тайтуллин мұндай пункттер полиция қызметкерлеріне оқиға болған жерге жедел түсу қажет болған жағдайда азаматтық тұлғалар мен құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылына көмектесетінін айтты.
Хабарламада айтылғандай, жобаны жергілікті атқарушы органдар прокуратура органдарымен бірлесіп дайындады.
“Пункт қылмыс картасымен, қазіргі заманғы жабдықтармен, компьютермен және ҚР ІІМ арнайы базасымен жабдықталған. Алдағы уақытта мұндай пункттердің тәулік бойы жұмыс істеуі қылмысқа қарсы күрес және оның алдын алу факторларының бірі болады. Кез келген құқық бұзушылыққа қарсы жедел әрекет ету, облыс орталығында қоғамдық тәртіп қамтамасыз етіледі”, – деп толықтырды прокурор.
Сурет: inform.kz