Атыраудағы тергеу изоляторында бүлікшілік орын алды, бес сотталған белгіленген тәртіп ережелерін бұзып, басқаларды тәртіпсіздікке шақырды. Бұл туралы қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан ІІМ комитетінде тергеу изоляторындағы тәртіпсіздік мекеменің қызметкерлері кешкі тексеру жүргізгеннен кейін, 2 маусымда орын алғанын айтты.
Бес сотталған бір-бірімен уағдаласып, кейін Атырау тергеу изоляторында бүлік ұымдастырып, оған басқа тергеу-қамауға алынған адамдарды шақырған.
Осыған байланысты ТИЗО қызметкерлері одан әрі құқыққа қарсы іс-әрекеттерді болдырмау үшін бастаушыларды тәртіптік изоляторға орналастырды.
Комитетте тергеу изоляторына сотталғандардан сұрау жүргізу үшін облыстық қылмыстық-түзеу жүйесі департаментінің, қадағалау органының және ұлттық алдын алу жүйесінен өкілдер келгенін айтты.
Сонымен қатар ТИЗО-да орын алған тәртіпсіздік фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды және сотқа дейінгі тергеудің қажетті рәсімдері жүргізілуде.
Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінде қазіргі уақытта тергеу изоляторындағы жағдай бақылауда екенін, тәртіп бұзуға жол берілмегенін атап өтті.
Сурет: Fergana.news