Атырау облысының бас санитарлық дәрігері Темірбек Мұсағалиев 1 маусымнан бастап Атырау облысында карантин режимін тоқтату туралы өз қаулысына қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz жаңалықтар ресурсы.
1 маусымнан бастап Атырау қаласы тұрғындарына бетперде режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, далаға шығуға рұқсат етіледі.
Сондай-ақ, қалада бұрын қойылған барлық бақылау-өткізу пунктері алынады және сауда-ойын-сауық орталықтарына жұмыстарын бастауға рұқсат етіледі.
Сонымен қатар, 1 маусымнан бастап Атырау облысының әкімшілік орталығында фитнес-орталықтар, барлық спорт нысандары, мектепке дейінгі балалар мекемелері, қосымша білім беру ұйымдары, ғылыми-зерттеу институттары мен ғылыми орталықтар қызметі жаңартылады.
Облыстық бас санитарлық дәрігердің қаулысында Атырауда карантиндік режимнің тоқтатылғанына қарамастан, онда шектеу іс-шаралары эпидемиологиялық жағдай толық тұрақтанғанға дейін сақталатыны нақтылануда.
Соңғы мәліметтер бойынша, Атырау облысында COVID-19 ауруының 1024 жағдайы расталды, елімізде олардың саны 10382-ге жетті.