Ағымдағы жылдың екінші тоқсанында Атырау қаласында тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау бойынша цех іске қосылмақ.
“2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР энергетика министрлігі пластмасса, қағаз қалдықтары мен әйнектердің барлық түрлерін қоқыс полигондарына көмуге тыйым салды. Осыған байланысты қалалық қоқыс полигонында тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау цехын құру жоспарлануда. Қазіргі уақытта қажетті жабдықтарды сатып алу үшін инвестор қаражат бөлді. Цех ағымдағы жылдың екінші тоқсанының басында іске қосылады. Жаңа цехта тәулігіне 100 тоннаға дейін қоқыс сұрыпталатын болады деп жоспарлануда. Жаңа жобаны жүзеге асырудың арқасында 70-ке жуық адамды жұмыспен қамту көзделіп отыр”, – деді “Арнайыавтобаза” ЖШС директоры Алмас Ізтілеуов.
Қалада пластикалық қалдықтарды жинауға арналған 300 контейнер орнатылды, ағымдағы жылы олардың саны 500-ге дейін жетеді.
“Сонымен қатар, қала тұрғындарының ыңғайлылығы үшін ағымдағы жылдың наурыз айында пластика, қағаз және шыны қабылдайтын 10 пункт ашылады. Барлық жерде макулатура мен шыны жинауға арналған контейнерлер орнатылады. Осылайша, Атырау тұрғындары біртіндеп бөлек қоқыс жинауға көшеді”, – деп атап өтті Алмаз Ізтілеуов.
Күн сайын Атырау қоқыс полигонына 300 тоннаға дейін қоқыс әкелінеді. Өз қуаттары жеткіліксіз болғандықтан, қалдықтардың бір бөлігін Ресейге қайта өңдеуге жіберіледі. Қалдықтардың көп бөлігі сол жерде құрылыс материалдарын шығару үшін өңделетін болады.
Сулет: bryansk.kp.ru