Атырау облыстық №2 ауруханасына колледждің 9 оқушысы жүгінді. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін және студенттерді мұқият тексергеннен кейін олардың кейбірі үйге жіберілді. Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасында ең дәл ақпарат осы оқиға бойынша сәл кешірек түсетінін хабарлайды.
Естеріңізге сала кетейік, 23 мамыр күні Атырау сервис колледжінде 20 студент белгісіз газбен уланған.
Кейін Атырау облыстық полиция департаментінде Атырау сервис колледжі студенттерінің жаппай улану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу қозғалды.
Полиция мәліметтеріне сәйкес, 17 жасар колледж студенті үй-жайда газ баллондарын шашқан. Белгілі болғандай, жасөспірімге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің “бұзақылық” №293-бабының бірінші бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.