Атырау облысы полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерімен бірге есірткіні өткізумен айналысқан және деструктивті діни ағымдардың жолын ұстанған Атырау тұрғынын ұстады.
Тінту барысында Атырау тұрғынынан синтетикалық есірткі, тыйым салынған діни әдебиеттер мен қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларды дайындауға арналған компоненттер табылды.
Аталған факті бойынша “есірткі заттарды, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, өңдеу, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату”бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
“Тергеу болжамы бойынша, оған ҚР ҚК 256 және 174 баптары бойынша (әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік – топтық немесе діни араздықты қоздыру) терроризмнің насихатталуына тыйым салынады”,-делінген ведомствоның баспасөз қызметінің хабарламасында.