Сараптама Орал өзеніндегі хлоридтердің шамадан тыс мөлшерін анықтады.
Экологиялық қылмыстар туралы қылмыстық іс шеңберінде өзен балығының жаппай қазаға ұшырауына байланысты “Атырау Су Арнасы” кәсіпорнын тексеру аяқталды. Сараптама қорытындысы облыстық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жарияланды.
“Атырау Су Арнасы” мемлекеттік ұйымы ақпасуда хлоридтердің нормасын шамадан көтерген. Бұдан басқа, кәсіпорын ағынды сулардың есебін жүргізбеген.
Сараптама қорытындысы бойынша” Атырау Су Арнасына” экологиялық нормалардан асыру бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық ісі қозғалды.
Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы бастығының орынбасары Арман Мулдашев айтып өткендей, инспекция мен ведомствоаралық комиссия Жайық өзенінде 4 тонна 165 килограмм өлі балық жиналды. Шығын 4 миллион 200 мың теңгеге бағаланды.
Балықтардың өлу себептері туралы қорытынды әлі жасалған жоқ. Экология департаменті мен құқық қорғау органдары Оралға ағынды суды ағызатын тағы үш ұйымды тексереді.
Сурет: ашық көздерден