№2 Атырау қалалық сотында онлайн-сот отырысы өтті, онда белсенді Дианара Мұқатованың бас бостандығына шектеуді түрмеге ауыстыру сұрағын қарастырды.
Дианара Мұқатова біздің республикамызда тыйым салынған “Қазақстанның демократиялық таңдауы” ұйымының қызметіне қатысты айыпталуда. 2019 жыл 21 қазанда кінәлі деп танылып, бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеуге сотталды.
Сот отырысы кезінде пробация қызметінің өкілі Айбар Базарбаев Мұқатованы жазаның қалған мерзімін бас бостандығынан айыруға ауыстыру керектігін соттан сұрады.
Базарбаев жазасын өтеу кезінде белсенділер рұқсат берілмеген митингілер туралы бейнероликтерді таратқаны, сондай-ақ әкімшілік жауапкершілікке тартылғандығы туралы өз дәлелін айтты.
Алайда, № 2 Атырау қалалық соты пробация қызметінің белсендінің бас бостандығын шектеуді түрмеге қамауға ауыстыру туралы ұсынысын қанағаттандырудан бас тартты.
Істі қараған судья Зауре Қазақбай мұндай шешім ұсынылған дәлелдер бас бостандығынан айыру үшін негіз бола алмауына байланысты қабылданғанын атап өтті.