Бүгін, 25 сәуірде Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев “Шелл” мұнай концернінің басшылығымен іскерлік кездесу өткізді, деп хабарлайды Атырау облысының аймақтық байланыс қызметі.
Кездесуге “Глубокое кен орындары” бөлімшесінің атқарушы вице-президенті Уаэл Сауан, Қазақстандағы “Шелл” концернінің төрағасы Оливье Лазар, NCOC басқарушы директоры Ричард Хоув қатысты.
– Ұзақ жылдар бойы сіз жаңа технологияларды пайдалана отырып, Қазақстан аумағындағы мұнай-газ жобаларына белсенді қатысудасыз, бұл біз үшін өте маңызды. Бұл жаңа жұмыс орындарының ашылуы және салықтық түсімдер – деді Ноғаев. – Қазақстан аумағындағы ірі мұнай-газ жобаларының акционерлері болып табылатындығыңыз ұзақ мерзімді өзара тиімді қарым-қатынастарды дамытуға сіздердің мүдделеріңізді көрсетеді.
– Әкім бұл жобалар Қазақстан экономикасы үшін маңызды екенін, мемлекет мұны ескеріп, жобаларды дамыту бойынша қажетті жағдай жасауға күш-жігерін жұмсайды деп мәлімдеді.
“Шелл” концернінің “Халықаралық барлау және өндіру” бөлімшесінің директоры Эндрю Браун жобаларды қолдағаны үшін республика басшылығына алғысын білдіріп, Солтүстік Каспий жобасының операторы, NCOC консорциумы жаңа жұмыс орындарын құрып, Атырау облысының халқын қолдай отырып, Қазақстан экономикасы мен жергілікті халықтың игілігі үшін өндірістік қызметті жүзеге асыратынын мәлімдеді.
– Бүгін консорциум Қашаған жобасы аясында жұмыс істеуде. Әңгіме, 6000 адам жұмыс істейтін, күрделі жөндеу туралы болып отыр. Бірнеше аптадан кейін NCOC өндірісті жаңартады және жөндеу нәтижесінде өндіріс жоғары деңгейге жетеді деп үміттенеміз, – деді Эндрю Браун.
Концерн өкілі Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы басқа кен орындарын игеру бойынша жоспарланған жобалар туралы хабарлады және облыстық әкімнен “Қаламқас-Хазар” бірлескен игеру жобасы бойынша жұмысқа қолдау көрсетуді сұрады.
Сурет: Атырау облысының аймақтық байланыс қызметі