Атырау облысының Құрманғазы ауданының аудандық соты кафе иесін ұрған полиция қызметкерін жазалады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» Халықаралық Ақпарат Агенттігі.
Өткен жазда аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкері майор Әміржан Ертаев кафеде болып, оның иесін ұрды. Сонымен қатар оның қасында бөлім бастығының орынбасары Жасұлан Мұқашев болған, ол да агрессия көрсетіп, майорды тыныштандыруға тырыспады.
Облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, сотталған адам бір жылға бас бостандығынан және майор атағынан айырылды.
Бұдан басқа, Ертаев мекеменің иесіне 232 000 теңге көлемінде материалдық және моральдық зиянды өтеуге міндетті.
Бастықтың орынбасары тәртіптік жауапкершілікке тартылып, қызметіне толық сәйкес еместігі ескертілді.
Cурет:skrïnşot