Атырау облысы бұрынғы әкімінің орынбасары Нұрсәуле Сайлауованы екі айға қамауға алды. Бұл туралы Tengrinews.kz агенттігі хабарлайды.
Атырау облыстық соты осындай шешімді шығарды. Мерзімі 20 наурыздан бастап есептеледі.
Естеріңізге сала кетейік, шенеунікті 18 наурызда ұстаған болатын.
Ол бес миллион теңге көлемінде пара алып, 10 млн теңге көлемінде бюджет қаражатынан ұрлады деп күдіктенеді.
Облыстық білім басқармасының бұрынғы басшысы Қайырғали Кенжеғалиев, оның орынбасары Роза Қабдұлова және Кіші өнер академиясы жанындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың бас бухгалтері Назымгүл Мажитова тұтқындалды.
Қазіргі уақытта сот тергеуі жалғасуда.
Сурет: f.azh.kz