Қаланы көгалдандыру акциясы аясында мыңдаған көшет жергілікті тұрғындарға берілді, деп хабарлайды bnews.kz тілшісі.
“Көшеттерді тарату дәстүрге айналады. Қаланы көгалдандыру – жергілікті биліктің ғана емес, Атырау тұрғындарының да басты міндеттерінің бірі. Әлеуметтік желілерде қала тұрғындары жыл сайын ағаштар бір учаскеде отырғызылатынына, уақтылы суарылмайтындығына және тиісті күтім жасамайтынына шағымданады. Бұл жолы біз тұрғындарға бастамашылықты өз қолдарына алуды – өздері қажет деп санайтын учаскелерге ағаш отырғызуды ұсындық”, – деді қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Ұзақ Түсаев.
Акцияға қатысуға ниет білдірген әрбір тұрғынға, отырғызылған орны белгіленген жаднама беріледі . Көшеттерді отырғызу орындары – емханалар, балабақшалар, саябақтар мен мектептер.
Сурет: inform.kz