Ұзақ науқастанғаннан кейін аты аңызға айналған Ауған соғысының ардагері, 177-ші арнайы мақсаттағы жасағының командирі, Қазақстан Қарулы Күштерінің аңызы, отставкадағы полковник Борис Керімбаев қайтыс болды.
Қара майордың қайтыс болғаны 12 ақпан күні таңертең белгілі болды. Ол сағат 8.50-де өмірден өтті.
Жақында Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев ҚР ҚМ әскери-клиникалық госпиталіне Борис Керімбаевқа барды. Әскери ведомство басшысы оған ҚР Әскери барлау алдындағы еңбегі үшін “Алтын үкі” (“Золотая сова “) төсбелгісін, алғыс хат пен бағалы сыйлық тапсырды.
Сулет: news.mail.ru