Қазақстан президентінің кеңесшісі Ерлан Карин Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауалды теледебатқа қатыспайтынын мәлімдеді. Бұл туралы “Спутник” ақпарат агенттігі хабарлады.
“Президент сайлау үдерісі басталғаннан үгіт-насихат науқанына қатысуын барынша шектеді. Барлық үгіт жұмыстарын қоғамдық штаб пен оның сенімді тұлғалары жүргізеді”, – деді Ерлан Карин.
Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау алдындағы жарыста басқа үміткерлердің көбірек мүмкіндіктер болуы тиіс деп санайды. Сондықтан ол теледебатқа қатысудан бас тартты, бірақ оның сайлауалды штабы қатысады.
“Президент үшін басқа кандидаттар өздерін жақсы көрсетіп, өз позициясын кеңінен жеткізе алатын мүмкіндіктер көп болғаны маңызды. Есіңізде болсын, ол адал және еркін сайлау өткізуге жеке өзі кепілдік берді және бұл оның қағидатты ұстанымы”, – деп атап өтті Қазақстан президентінің кеңесшісі.
Ерлан Карин қазіргі уақытта Қасым-Жомарт Тоқаев Республика Президенті ретінде қоғамдық іс-шараларға қатысатынын айтты.
Естеріңізге сала кетейік, теледебаттар 29 мамыр күні сағат 18:00-де “Хабар” телеарнасының тікелей эфирінде өтеді.
Сурет: inform.kz