Қазақстан Президентінің жақында болған Ресейге сапары Washington Post, The Moscow Times, AsiaNews газеттерін қызықтырды, деп хабарлайды 24.kz.
Америкалық Washington Post газеті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге сапарын назарға алып, бұл кездесу – Мәскеу мен Нұр-Сұлтан арасындағы өзара қарым-қатынас серіктестік сипат алды деген қорытындыға келді. Сондай-ақ, басылым Батыспен ынтымақтастықтың бағыты Нұсұлтан Назарбаевтың басқаруы кезіндегідей жалғасатынын атап өтті.
The Moscow Times пікірінше, Тоқаевтың сапары Ресей мен Қазақстан арасындағы достықты нығайтып, елдер арасындағы стратегиялық әріптестікті қамтамасыз етуі тиіс. Ресеймен ынтымақтастық мемлекетаралық қатынастардың маңызды «бағдары» болып табылады.
Қазақстан көшбасшысының Ресейге сапары келесі айдың соңында Нұр-Султанда өтетін Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысының алдында өтті. Қытайдың «AsiaNews» ақпараттық сайты Тоқаев пен Путиннің кездесуі екі елдің стратегиялық әріптестігін күшейтетініне сенеді. Дереккөздің айтуынша, бұл өз кезегінде, қазіргі ел басшысының бағытының Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бағытымен сабақтастығын көрсетеді.
Сурет: amp.kp.ru




