Қазақстан Президентінің көмекшісі Мұрат Нұртілеуов мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР-ға ресми сапары кезінде еліміздің тұтқындалған азаматы Ақжарқын Тұрлыбай туралы мәселені көтергенін айтты.
“Біз бұл өтінішті уақытында алдық. Пекинге ұшар алдында мен мемлекет басшысына тікелей баяндадым. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселені жоғары деңгейде көтерді. Мәселе СІМ-де талқыланатын болады. Бұл мәселені оң шешу үшін бар күшімізді саламыз”, – деді Нұртілеуов.
Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы Гуанчжоу әуежайында есірткімен ұсталған болатын.
Еліміздің азаматшасы курьер болып жұмыс істеуге Малайзияға бара жатқанын айтты.Ол есірткі жасырын тасталғанына сенімді. Қытай соты Ақжарқын Тұрлыбайды кінәлі деп танып, өмір бойы қамауға алды.