Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Valmont Industries-тің бас директоры Стив Каневскимен кездесті. Бұл туралы Қазақстан президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысы кездесу барысында Қазақстан халықаралық компаниямен одан әрі өзара ынтымақтастыққа қызығушылық танытатынын айтты. Компания агроөнеркәсіп кешені саласында маманданатынын айта кету керек.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ауыл шаруашылығы өндірісіне заманауи технологияларды енгізу қажеттігін атап өтті.
Өз кезегінде Стив Каневский Токаевқа компанияның ағымдағы қызметі және жақын арадағы бірлескен жобалар туралы баяндады.
Сурет: inform.kz