Эхо Қазақстан
  • Главная
  • Политика
  • Экономика
  • Общество
    • Коррупция
    • Криминал
    • Культура
    • Медицина
    • Образование
    • Религия
    • Спорт
    • Факты истории
  • В мире
    • Содружество
    • Украина
  • Аналитика
No Result
View All Result
Эхо Қазақстан
No Result
View All Result
Басты Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды Қазақстанға шақырды

4 года назад
Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды Қазақстанға шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон кеңейтілген құрамда екіжақты келіссөз жүргізді деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон шағын форматтағы кездесуден кейін екі елдің ресми делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз өткізді. Кездесу барысында Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту, оның ішінде, өзара тауар айналымын ұлғайту, инвестиция тарту, өнеркәсіп кооперациясын арттыру, ауыл шаруашылығы, көлік-транзит әлеуетін дамыту мәселелеріне баса мән берілді. Сондай-ақ су-энергетика, әскери-техникалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастық жағдайы талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонға қонақжайлылық танытқаны үшін алғыс айтып, бұл өзінің Қазақстан Президенті ретінде Тәжікстанға жасаған тұңғыш әрі пандемия жағдайындағы алғашқы ресми сапары екенін айтты. «Бұл жағдай көп дүниеден хабар береді деп ойлаймын. Шын мәнінде, Тәжікстан біздің сенімді стратегиялық серіктесіміз әрі одақтасымыз. Біз де Тәжікстанмен арадағы ынтымақтастықты жоғары бағалаймыз. Сізді, құрметті Эмомали Шәріпұлы, Қазақстанда тәжік халқының барша жұрт мойындаған көшбасшысы деп таниды және құрметтейді. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Сіздің алдағы жұмыстарыңызға табыс тілеймін», – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы екі ел арасында 80-нен астам шарт пен келісімдерден тұратын маңызды шарттық-құқықтық база бар екенін, оның ішінде, 2015 жылы қол қойылған Стратегиялық әріптестік туралы шартты ерекше атап өтті. Президент коронавирусқа қатысты туындаған барлық қиындықты еңсеру кезінде Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы қатынастарды, атап айтқанда, өзара сауда-саттықты жаңа деңгейге көтеруге мол мүмкіндік бар екенін айтты. Осы ретте Мемлекет басшысы тәжік экономикасына жан-жақты көмек көрсетуге дайындығын нақтылады. Эмомали Рахмон өз елінің бауырлас Қазақстанмен стратегиялық серіктестікке құрылған қатынастарды жоғары бағалайтынын жеткізді. «Қазақстан – Тәжікстанның сыртқы сауда айналымының жалпы көлемі бойынша екінші орында. Біз барлық бағыт бойынша екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін жұмыла жұмыс істеуге ниеттіміз», – деді Тәжікстан көшбасшысы.

Эмомали Рахмон Қасым-Жомарт Тоқаев пен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тәжік-қазақ байланыстарының өзара тиімді дамуына қосқан зор үлесін жоғары бағалады. Тәжікстан Президенті саяси-дипломатиялық, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық, сондай-ақ, қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы екіжақты ықпалдастықтың дәйекті дамуына көңілі толатынын айтты. Эмомали Рахмон Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл сапары Нұр-Сұлтан мен Душанбе арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі тереңдей түсуіне жан-жақты септігін тигізетініне сенім білдірді. Келіссөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонды өзіне ыңғайлы уақытта Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды.

Новости СМИ2
Алдыңғы

Тез жою керек! Ғалымдар Талғар ауданындағы қауіпке қатысты дабыл қақты

Келесі

Түркістан басшысы әкімдіктің бұрынғы ғимаратына қатысты шуға пікір білдірді/

Ұсынамыз Пост

Бекшин қашықтан жұмыс режиміне көшуді ең тиімді шара деп атады
Саясат

Түркістан басшысы әкімдіктің бұрынғы ғимаратына қатысты шуға пікір білдірді/

20/05/2021 15:33

Аукцион арқылы сатылып кеткен әкімдік ғимаратына қатысты Түркістан қаласының әкімі INSTAGRAM парақшасындағы тікелей эфир кезінде мәлімдеме жасады деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі. Рашид Аюповтың мәліметінше, қалада қонақүйлерді көбейту мәселесі бұған дейін туындаған. Қалаға келетін туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында қонақ...

Bek Air апаты: Шенеуніктерге үкім шықты
Саясат

Bek Air апаты: Шенеуніктерге үкім шықты

12/05/2021 18:33

Алматы облысының Талғар аудандық соты бұрынғы шенеуніктер мен риэлторға Bek Air ұшағы апат болған Алматы әуежайының жанынан жерді заңсыз бөліп беру ісі бойынша үкім шығарды. Бұрынғы үш шенеунікке 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Қалғандары 2,5 жылдан 4 жылға...

Еліміздің Президенті бірқатар заңдарға қол қойды
Саясат

Тоқаев Жапония премьер-министрімен телефон арқылы маңызды мәселе талқылады

12/05/2021 14:30

Қазақстан президенті Жапонияның премьер-министрі Ёшихидэ Сугамен телефон арқылы сөйлесті. Екі ел басшыларының бірінші рет сөйлесіп отырғанын ескеріп, Қасым-Жомарт Тоқаев Ёшихидэ Суганы Жапония премьер-министрі болып сайлануымен құттықтап, оның аса жауапты қызметіне толағай табыс тіледі деп хабарлайды Ақорда. Мемлекет басшысы Токиода өтетін...

Батыс ұсыныстары болашақта қазақстандықтарды сауатсыз етеді
Саясат

2 жасар баласын өлтіріп, тоңазытқышта ұстаған әйелге сот қаулы шығарды

12/05/2021 12:28

Алматы облысында 2 жастағы баласын өлтіріп тоңазытқышта ұстаған әйел мәжбүрлі емделуге жіберілді деп хабарлайды ҚазАқпарат. Алматы облысының мамандандырылған қылмыстық соты таратқан мәліметке қарағанда, әйел адам шизофрения ауруына шалдыққан. Сол себепті оған қатысты қылмыстық өндіріс сот қаулысымен тоқтатылды. Енді 27 жастағы...

2

В тренде

    3
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
    • В мире
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.

    No Result
    View All Result
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
      • Коррупция
      • Криминал
      • Культура
      • Медицина
      • Образование
      • Религия
      • Спорт
      • Факты истории
    • В мире
      • Содружество
      • Украина
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.