Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтахановпен кездесу өткізді. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу барысында әкім Тоқаевқа кенттерде автожолдар салу жоспары туралы баяндады. Сондай-ақ мемлекет басшысына кенттерді газбен, сумен және электр қуатымен қамтамасыз ету кезеңдері туралы мәлімет берді.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының әкіміне қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.
Естеріңізге сала кетейік, Ерлан Айтаханов ағымдағы жылдың 30 шілдесінде Шымкент әкімі қызметіне тағайындалды. Бұған дейін бұл қызметті Ғабидолла Әбдірахымов атқарған болатын.