Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Бородавкинмен кездесті. Бұл туралы Қазақстан президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу барысында Алексей Бородавкин Қасым-Жомарт Тоқаевқа қабылдағаны үшін алғысын білдірді, сондай-ақ оған Ресей президенті Владимир Путиннің президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтауын жеткіді.
«Мен сізді сайлаудағы айқын жеңісіңізбен құттықтаймын. Бұл таза жеңіс, бұл халықтың Қазақстан Президенті ретінде сізді таңдағанының айқын дәлелі», – деді Бородавкин.
Кездесу барысында қатысушылар Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.
 
 



