Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анара Жәилғановамен кездесті. Бұл туралы Қазақстан президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу барысында мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басшысы еліміздің Президентіне президенттік кадрлық резервті қалыптастырудың негізгі аспектілері туралы айтып берді.
Өз кезегінде Қасым-Жомарт Тоқаев президенттік кадрлық резервті қалыптастырудың ерекше маңыздылығын атап өтті.
Кездесу соңында мемлекет басшысы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасына барлық іріктеу процесінің ашықтығын қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен қатар, Жәилғановаға арнайы онлайн-платформа арқылы барлық мүдделі тұлғалардың қатысуы үшін қажетті жағдайлар жасау тапсырылды.
 



