Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Омбы қаласына барады, онда Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан Президенті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, “Шекара маңы ынтымақтастығын дамытудың өзекті мәселелері” атты Қазақстан Республикасы мен Ресей арасындағы өңіраралық ынтымақтастық форумы осы жылдың 7 қарашасында өтеді.
Сондай-ақ жоғарыда аталған форум аясында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен кездеседі. Осы кездесу барысында бірқатар құжаттарға қол қою жоспарланды.
Сонымен қатар, Омбыға ресми сапары кезінде Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары технологияларға арналған көрмеге барады.