Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев “ҚазМұнайГаз ” Ұлттық компаниясы” АҚ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаевпен кездесті. Бұл туралы Қазақстан президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу барысында Тоқаевқа Ұлттық компанияның 2019 жылдың 4 айындағы жұмысының нәтижелері туралы хабарлады және компанияның жақын арадағы қызметінің жоспары көрсетілді.
Бұдан басқа, Айдарбаев Қазақстан Президентіне ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы және компанияның IPO-ға дайындығы туралы баяндады.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев басталған барлық жобаларды белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырып, корпоративтік басқаруды жақсарту қажеттігін мәлімдеді.
Сурет: Inform.kz