Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Египет Араб Республикасының Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сисиге көңіл айтты. Бұл туралы Қазақстан президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
Кеше Каир қаласында лаңкестік актілердің салдарынан 17 адам қаза тауып, 30-дан астам адам жарылыстан зардап шекті.
Тоқаев біздің ел халқының атынан қаза тапқандардың барлық отбасыларына көңіл айтты, ал зардап шеккендерге тезірек сауығып кетуді тіледі.
“Қазақстан біздің елдерімізде бейбітшілік пен тыныштықты қамтамасыз ету мақсатында қазіргі заманғы қауіп – қатерлерге қарсы тұру ісінде Египетпен ынтымақтастықты жалғастыруға әрдайым дайын”, – деп жазды Тоқаев өзінің жеделхатында.