Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің қоғам қайраткері, жазушы Нұрлан Оразалинмен кездесті. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу барысында Нұрлан Оразалин Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан әдебиеті, өнері, жалпы рухани саласының дамуы туралы әңгімеледі.
Тоқаев,өз кезегінде, рухани құндылықтар мемлекет дамуының ажырамас бөлігі болып табылатынын мәлімдеді.
Кездесу соңында мемлекет басшысы заманауи әдеби шығармалар жазып, шығармашыл жастарға қолдау көрсету қажеттігін айтты.
Сурет: akorda.kz