Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Үкіметі әлеуметтік мәселелерді шешу және республика халқының әл-ауқатын арттыру үшін шұғыл шаралар пакетін әзірлегенін мәлімдеді. Бұл туралы “Қазақпарат” ақпарат агенттігінің тілшісі хабарлады.
“Менің тапсырмам бойынша Үкімет өзекті әлеуметтік мәселелерді шешу және халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатында шұғыл шаралар пакетін әзірледі. Ағымдағы жылдың соңына дейін 300 мыңнан астам жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен, оның ішінде “Бастау бизнес” және “Жас кәсіпкер” бағдарламасы аясында қысқа мерзімді кәсіптік оқыту арқылы қамтылатын болады”,-деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қазақстан Президенті кәсіпкерлік қызметке ерекше көңіл бөлінетінін айтты. Енді кәсіпкерлерге және өз ісін бастағысы келетіндерге ұзақ уақытқа несие беріледі.
“Халықтың осал топтарына атаулы әлеуметтік көмек көрсету процесінің тиімділігін арттыру көзделуде”, – деп толықтырды Қасым-Жомарт Тоқаев.