Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаевамен кездесті. Бұл туралы Қазақстан президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу барысында Мұсақожаева Қазақстан Президентіне қазақстандық музыкалық өнердің қазіргі жайы туралы баяндады. Сондай-ақ, кездесуге қатысушылар шығармашылық мекемелерде білім алған түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелерін талқылады.
Өз кезегінде Қасым-Жомарт Тоқаев оқу орындарының материалдық-техникалық базасын жаңарту, сонымен қатар, шығармашылық оқу орындарын заманауи жабдықтар және музыкалық аспаптармен қамтамасыз ету қажеттігін айтты.
Сурет: Nur.kz