Астанада теміржолдарды жөндеуге байланысты, 24 қаңтардан бастап Астана-1 теміржол вокзалы жабылады.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі Астана уақытымен 2019 жылы 24 қаңтарда сағат 00.00-ден 18.00-ге дейін Астана-1 станциясындағы жолаушылар пойыздарының қозғалысы уақытша Астана-Нұрлы Жол станциясына ауыстырылады деп хабарлады.
36 жолаушылар мен қала маңы пойыздарының қозғалысы реттеледі. Өзгертілетін пойыздардың тізімін кестеден көруге болады.
Компания мұндай шаралар «Астана-1» станциясының трассалары мен нысандарына күрделі жөндеу жасау жоспары бойынша өткізілетінін түсіндірді.
«Темір жолдарды жөндеуде техникалық пайдалану ережелеріне, теміржолдардың үздіксіз және ырғақты жұмысына, қозғалыс қауіпсіздігін сөзсіз сақтауға бағытталған жұмыстар жүргізілуде. Жолаушылар мен қонақтарға маршруттардағы өзгерістерді ескеріп, пойыздар келіп, кетіп бара жатқанда мұқият болуға кеңес береміз », – деп хабарлады баспасөз қызметі.
Толығырақ ақпаратты темір жол станцияларында немесе «105» бірыңғай анықтамалық қызметінен алуға болады.
Сулет: tengrinews.kz