29 тамызда Нұр-Сұлтанда Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің 5 жылдығына арналған «Ұлы Дала мұрасы» жобасының ашылу салтанаты өтеді. Бұл күні мұражайға кіру тегін болады. Бұл туралы Ұлттық музейдің баспасөз қызметі хабарлады.
Іс-шараның басты мақсаты — келушілерді музей қызметімен,Қазақстан халқының тарихымен, мәдениетімен және дәстүрлерімен таныстыру.
Көрменің ашылу барысында мерекелік концерт, түрлі шеберлік сыныптары, жәрмеңкелер, экскурсиялар мен ойындар өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы – Орталық Азиядағы ең ірі мұражай. Ол Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкімімен «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша салынды.
Сурет: yandex.ru
 



