Астанада қараша айының соңына дейінгі қорытынды бойынша, 1 шаршы метр үшін ең қымбат жалға беру 2 751 теңге болды.
Жалға берілетін тұрғын үй құнының айтарлықтай артуы республиканың үш өңірінде – Жезқазғанда (+37,2%), Таразда (+8,9%) және Астанада (+8,7%) тіркелді.
Жалпы республика бойынша жалға алынған шаршы метрге баға өсімі 7,1% – ды құрады. Бір ай ішінде ҚР-да жалдау мөлшерлемесі 1,2% – ға, бір шаршы метр үшін 1 383 теңгеге дейін өсті.
Нәтижесінде ең қымбат жалға алу Астанада (1 шаршы метр үшін 2 751 теңге), Алматыда (2 265) және Ақтауда (2 047). Ең арзан Тараз (1 015), Талдықорған (1 038) және Семей (1 131).
Жалға берілетін тұрғын үй бағасының өсуі, халықтың кіріс деңгейі төмен қазақстандықтардың жек меншікті пәтер сатып ала алмауына байланысты.
Сулет: abctv.kz