Нұр-сұлтан қаласында «Технологияларды коммерцияландыру — ғылым мен бизнесті интеграциялау құралы»халықаралық форумы өтеді. Бұл туралы форумның ұйымдастыру комитеті хабарлайды.
Іс-шараға Қазақстан Парламентінің депутаттары, «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының басшылары, Тұңғыш Президент Қорының директоры Әсет Исекешев, сондай-ақ Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қатысты.
Форумның негізгі мақсаты отандық ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру мүдделері кіретін әлеуетті іскер серіктестермен өзара қарым-қатынасты іздеу және жолға қою болып табылады.
Форум ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру саласында мәселелерді таныстыру және талқылау, тәжірибе және идеялармен алмасу форматында өткізіледі.
Сурет: old.elorda.kz




