Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында, бұрын сотталған 24 жасар Астана қаласының тұрғыны, қала аумағында балалар арбасын ұрлады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды 24.kz.
Жігіт подъездерден балалар арбаларын ұрлап кеткен. Содан кейін қаскүнем ұрланған арбаларды төмен бағамен сатқан. Ұрлану фактілері бойынша тергеу жүргізілуде. Бақытымызға орай, кейбір ұрланған арбалар иелеріне қайтарылды.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Оның елорда аумағында бұрын жасалған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.
Сурет: progorod43.ru