Елордалық полиция Байтұрсынов көшесіндегі аялдама павильонының есігін сындырған,Түркістан облысының 22 жасар тұрғынын анықтап, ұстады. Бұл туралы полиция баспасөз қызметінен хабарлады.
Бұзақы бұл қылығының себебін қызымен жанжалдың кесірі деп түсіндірді. Аялдамада болған жанжалға байланысты ол ашуланып, шыны есікті теуіп шыққан.
Бұзақылық әрекеттер көше камерасына жазылған.
Жас адамға бөтен мүлікті бүлдіргені үшін 100 000 теңге көлемінде айыппұл салынады
Сурет: Бейне кадрлары