Астанада аялдама павильоны автобус соқтығысынан зардап шекті.
Оқиға «Астана LRT» ЖШС баспасөз қызметінде расталды. Хабарланғандай, ЖКО 15 желтоқсанда Жирентаев көшесіндегі «№ 22 мектеп-гимназия» аялдамасында орын алған.
Компанияның көліктік бақылау департаментінде: «Аялдамалық қалтада тұрған басқа автобуспен соқтығысуды болдырмау үшін аялдама пунктіне кірген кезде № 23 маршрут автобусы қозғалыс бағытын өзгертіп, аялдама павильонына бет алды», — деді.
Департаменттің ақпаратына қарағанда, 23 маршрут жүргізушісі абайсыз болды: көктайғақ салдарынан ол аялдама қалталарына ең аз жылдамдықпен кіру керек еді, алайда аялдама қалталарына кірген автобустың жылдамдығы сағатына 34 шақырым болған.
Жол-көлік оқиғасынан кейін жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама жасады. Көлік кәсіпорнында ол бұрын жол-көлік оқиғаларына кінәлі болмаған деп сендірді.
«Астана LRT» қорытындысы: «Жүргізуші жұмыстан шеттетіліп, Көлік мамандарының біліктілік арттыру орталығына қайта оқуға жіберіледі».
Сурет: tengrinews.kz




